Үш күнде 300 миллион теңгеге дейін: Қазақстандық банк бизнеске жеңілдетілген несие ұсынды
Фото: Тұрар Қазанғап/Tengrinews.kz
Енді Қазақстандағы шағын әрі орта бизнес тез әрі еш қиналмай, қаржыға ие бола алады. ForteBusiness небәрі үш жұмыс күні ішінде 300 миллион теңгеге дейін қаржы алуға мүмкіндік беретін жаңа несиелік өнімін іске қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды.
Банк ақпараты бойынша, бұл өнім шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған. Кәсіп иелері қаржыны кез келген мақсатта қолдана алады: қаражат айналымын толтыру, инвестиция немесе басқа банктегі қарыздарын қайта қаржыландыру.
Әдеттегі мерзімнен жылдам
Жаңа ұсыныстың басты артықшылығының бірі – өтінімдерді қарау мерзімінің қысқартылғаны. Әдетте нарықта несие рәсімдеу процесі екі аптадан көп уақыт алса, ForteBusiness өтінімді бар болғаны 3–5 жұмыс күні ішінде қарастырады.
"Біз бизнес үшін уақыт ең құнды ресурстардың бірі екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан апталап анықтама жинап, оны күткенше, несиелік шешімді жылдам алуға мүмкіндік беретін өнімді ұсындық", – дейді ForteBusiness.
Өтінім беру оңай әрі көп құжатты талап етпейді
Несие рәсімдеу процесі барынша жеңілдетілген. Енді кәсіпкер көп құжат пакетін жинамай-ақ, растайтын кез келген бір құжатты ұсынса болғаны. Банктің айтуынша, өтінім беру процесі қаржыға қатысты білімі жоқ кәсіпкерлерге де түсінікті болатындай етіп жасалған. Сол себепті есепшіге немесе қаржы кеңесшісіне жүгінудің еш қажеті жоқ.
Кімдер қолдана алады?
Өнімді Қазақстан Республикасында тіркелген барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қолдана алады. Бұл ретте бөлшек саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлер, сұлулық салондары, кафелер, шағын өндіріс орындары мен сервис компаниялары сияқты микро және шағын бизнестерге ерекше назар аударылады. Несиені алу үшін жылжымайтын мүлікті кепілге қою керек. Бірақ кәсіпкердің кепілдігі жетпесе, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігін пайдалануына болады.
Жеке тәсіл және қолдау
Өнімнің тағы бір ерекшелігі – әр клиенттің жағдайын жеке-жеке қарастыратыны. Әртүрлі кәсіп түрі мен олардың ерекшеліктері ескеріледі, сонымен қатар кәсіпкерге өтінім беруден бастап қаражат алуға дейінгі барлық кезеңде кеңес беріліп, қолдау көрсетіледі.
ForteBusiness өкілдерінің айтуынша, бұл несие бағдарламасы Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайын ескеріп әзірленген. Бүгінде нарықта түсінікті әрі жылдам қаржы құралдарын қажет ететін кәсіпкерлер саны артып келеді.
ҚНРДА № 1.2.29/197/36 лицензиясы 03.03.2020 жылдан "ForteBank"АҚ берілген.