Универсиада-2025: Қазақстан үшінші алтынын жеңіп алды
Қазақстандық биатлоншы Никита Акимов Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Никита Акимов ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте үздік атанды.
Мәреге екінші болып швед Кнут Векстрем жетсе, үшінші орынды украиналық Богдан Борковский иеленді.

Универсиада-2025: Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мерзімінен бұрын плей-оффқа жолдама алды
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының еншісіндегі үшінші алтын медаль. Бұған дейін могулшы Анастасия Городко Универсиадада екі рет жеңімпаз атанып, ел қоржынына екі алтын медаль салған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
