Универсиада-2025. Фристайлшы Анастасия Городко ел қоржынына екінші алтын медальді салды
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан 32-қысқы Универсиада ойындарында Анастасия Городко фристайл–могулдан жұптық сайыста жеңімпаз атанып Қазақстан құрамасына екінші алтын медальді сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осылайша, Анастасия Городко Универсиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Дәл осы сайыстан ел қоржынына тағы бір медаль түсті. Финалдық сайыста Анастасиядан жеңілген Аяулым Әмренова күміс жүлдені еншіледі.
Ал ерлер арасындағы фристайл-могулдан жұптық сайыста Антон Бондарев күміс медаль иеленді. Ол финалда Жапония спортшысы Шиме Кавокеден айласын асыра алмады.
Универсиада-2025. Қазақстандық парашаңғышылар екі медаль жеңіп алды
Фристайл-могул спортшылары қысқы Универсиада ойындарында ел қоржынына төрт жүлде алып келді.
Еске салайық, бұған дейін Анастасия Городко Туриндегі жарыста Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді алып келген еді.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған
