Иранда белгісіз біреу Жоғарғы соттың екі судьясын атып өлтірді
Иранда белгісіз біреу Жоғарғы соттың екі судьясын атып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IRNA басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: google.com/maps
Тегеранда Иранның Жоғарғы сот ғимаратының жанында атыс болып, екі судья қаза тапты.
Жергілікті билік бұл оқиғаны теракт деп бағалады. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адам өз-өзіне қол жұмсаған.
Иранда блогер желіде нүкте жариялағаны үшін 12 жылға сотталды
“Қаза тапқан судьялар Мохаммад Мокисеx және Али Разини тыңшылық пен терроризмге қатысты ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға маманданған”, – делінген басылымның ақпаратында.
Фото: irna.ir
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адамның Жоғарғы сотта ешбір ісі жоқ және мекемеге келмеген.
Еске салсақ, бұған дейін Иранда хиджаб кимегендерді өмір бойына соттайтын жаңа заң қабылданбағаны туралы жазған едік.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”