Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақ дәрігерлерге арналған жатақханаға құлаған

Фото: TimesNow видео кадрларынан скрин

Үндістанның Ахмедабад қаласында апатқа ұшыраған Air India ұшағындағы барлық жолаушы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TimesNow телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның нақтылауынша, әуе кемесі дәрігерлерге арналған жатақхана маңында құлаған. Оқиға орнына шұғыл қызметтер екі-үш минутта жеткен. Қазір аумақтың 70-80 пайызы тазартылып үлгерді. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

Hindustan Times басылымының мәліметінше, ұшақ бортында Үндістан азаматтарынан бөлек, Ұлыбританияның 53 азаматы, Португалияның жеті азаматы және Канаданың бір азаматы болған.



Air India барлық рейстерін уақытша тоқтатты. Апат алдында ұшқыштар бірнеше минут бұрын апаттық сигнал бергенімен, диспетчерлік қызмет жауап беріп үлгермегені анықталды.

Еске салсақ, Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны туралы хабарлаған едік. Бортта 242 адам болған.

STAN.KZ
Бейсенбі, 12 Маусым, 2025 15:58
Талқылау