Үндістанда жұмысшылар iPhone құрастыратын зауытты талқандап тастады
Жұмысшылар Үндістанның Карнатака штатында iPhone құрастыратын зауытты тонады. Оқиғаға жалақы қарызы себеп болды.
IPhone SE бюджеттік смартфондары шығарылатын Тайвандық Wistron Corp компаниясының зауытының алдына мыңға жуық адам жиналып, өз жұмыстары үшін қарыздарын талап етті.
Karnataka: #Violence at iPhone production plant run by Taiwan-based #Wistron Corp at Narasapura (in Kolar district) near #Bengaluru.
— TOI Bengaluru (@TOIBengaluru) December 12, 2020
Employees allege they have not been paid properly. pic.twitter.com/GKbeFeyRKc
Наразылық соңы тәртіпсіздікке айналды. Жұмысшылар зауыт аумағында шу шығарды. Бірнеше көлікті аударып тастады. Кем дегенде бір машина өртеніп кетті. Сайып келгенде, полиция наразылық білдірген көпшілікті тарата алды.
Талқылау
Пікір
Çàãðóçêà...