Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студенттердің басына қорап кигізіп, емтихан тапсыртқызды

Үндістанда колледж студентері бастарына қорап киіп емтихан тапсырған. Бұл видео желіде тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC каналына сілтеме жасап. 

студент

Видео Карнатака штатынның Хавери қаласындағы Бхагатқаласында түсірілген. Емтихан тапсырып жатқан студенттердің барлығының басына қорап кигізілген. 

Бұл оқиға бойынша оқу әкімшілігі үкіметтен кешірім сұрады. Олардың айтуынша, студенттердің басына қорап кигізуді эксперимент ретінде жасаған. Басқа мектептер де осындай тәсілді қолданып жатыр деп ойлапты. Сонымен қатар әкімшілк қорапты балалрдың өздері үйлерін әкелгенін де айтты.

"Біз ешқандай оқушыны қинамадық. Кейбір балалардың бастарында қорап та болмағанын көрцге болады. Бірақ көбісі қорапты 15 минуттан кейін шешіп тастады. Ал қалғандарына бір сағаттан кейін шешуіне рұқсат бердік", - дейді әкімшілік. 

Бұл видеоны көрген білім басқармасындағылар бірден оқиға орнына барған. 

Талқылау