Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады: Бортта 242 адам болған (видео)

Фото: Желіде тараған видеодан скрин

Air India әуе компаниясының Ахмедабад–Лондон бағытындағы рейсі Сардар Валлабхай Патель халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News18 басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Апатқа ұшыраған ұшақ – кең фюзеляжды Boeing 787 Dreamliner. Air India әуе компаниясының ұшағы Лондонға бағыт алған. Ұшақ бортында 240-тан астам адам болған – 230 жолаушы және 12 экипаж мүшесі.

Жолаушылар ұшағы Мегани қаласы маңында құлаған.

Air India әуе компаниясы Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады.

"Қазір біз оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз", – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат ұшақ көкке көтеріле салысымен бірнеше секундтан кейін болған. Оқиға орнынан қою қара түтін көтерілді. Қою түтінді бірнеше шақырым жерден көруге болады.


Донбаста құлаған малайзиялық Boeing ұшағының апатына кім кінәлі – ICAO ресми шешімін жариялады


Әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады: Ұшқыш қаза тапты (видео)


Оқиға орнына жедел көмек көрсету қызметтері, соның ішінде өрт сөндірушілер мен бірнеше жедел жәрдем көлігі жіберілді. Әзірге қаза тапқандар саны мен апаттың нақты себептері туралы ресми ақпарат жоқ.

Air India компаниясы мен әуежай әкімшілігі әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Тергеуді елдің Азаматтық авиация бас басқармасы бастайды деген болжам бар.

Еске салайық, бұған дейін сарапшылар Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтағы өлімге әкелетін факторлар туралы айтқан еді. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 12 Маусым, 2025 14:11
Талқылау