Үнді ғарыш кемесі жер серігінің оңтүстік полюсінен күкірт тапты
Үнді ғарыштық зерттеу ұйымы "Прагьян" ай ровері планетаның жер серігінің оңтүстік полюсінен күкірт, алюминий мен темір сынды металдарды тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еuronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Айға 23 тамызда жеткен үндістандық ай ровері Жер серігінің оңтүстік полюсінде күкірт барын растады. Үнді ғарыштық зерттеулер ұйымының (ISRO) мәліметінше, Айда оттегі, темір, алюминий, кальций, хром және басқа да элементтер табылған.
"Сутегін іздеу жалғасуда", – деді Үнді ғарыштық зерттеулер ұйымы.
Үндістанның үшінші ай "Чандраян-3" экспедициясы 14 күнге есептелген.
Үндістан КСРО, АҚШ және Қытайдан кейін Айға ғарыш кемесін сәтті қондырған әлемдегі төртінші мемлекет болды.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады