Үмітсіздіктің көз жасы: Алматы облысының әкімдігі әріптестері мазақ еткен көпбалалы әкеден кешірім сұрады
Алматы облысының әкімдігі Іле ауданының тұрғыны Юрий Артықбаевтың видеоролигіне назар аударды, онда көпбалалы әке аудан әкімдігі өкілдерінің әрекетсіздігі мен дұрыс емес пікірлеріне шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бізде қайғылы жағдай болды, үйіміз 2020 жылы 13 маусымда өртенді. Төбесі құлады. Біз Іле ауданының әкімдігіне келдік. Көмекшісі немесе орынбасары шықты. Ол маған: инстанциялар бойынша барыңыз, өз ауылдық округіңізге барыңыз", - деді видеода Юрий Артықбаев.
Ер адам ешқандай көмек көрмегінімен қоймай, келеке-мазақты тыңдауға мәжбүр болғанын айтты.
"Біздің үй апатты жағдайда болды. Енді өртенді - екі күннен бері далада өмір сүріп жатырмыз. Ол (аудан әкімдігінің өкілі) былай деді: "Сіз бәрібір екі жыл бойы апатты үйде тұрдыңыз ғой", - деп шағымданды ер адам.
15 маусымда Юрийдің бейнежазбасы пайда болды. 16 маусымда облыстық әкімдік көпбалалы әкенің үндеуіне жауап берді. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі отбасына уақытша баспана бергенін хабарлады.
"Мүмкін, көптеген адамдар Іле ауданының тұрғыны туралы роликті көрген шығар. Көпбалалы әке аудан әкімдігіне келді. Өкінішке қарай, біздің әріптестеріміз тиісті шаралар қабылдамады. Бүгін әкімнің тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасына уақытша баспана берілді", - деп қорытындылады Жүкел.
Ол, сондай-ақ, жанып кеткен тұрғын үйді қалпына келтіру демеушілік қаражат есебінен жоспарланғанын хабарлады.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
