Ұлықпан Жолдасов анасының 90 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Белгілі композитор, талай өнерпаздың жұлдызын жаққан продюсер Ұлықпан Жолдасовтың анасы 90-ның төріне шықты. Жолдасовтар әулеті өнер жұлдыздары мен туған-туыстарының басын қосып, дүркіретіп той тойлады, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазаққа Ұлықпан Жолдасовтай дарынды сыйлаған Жәмилә әжейдің 90 жас мерейтойы Маңғыстау өңірінде атап өтілді.
Аты аңызға айналып үлгерген «МұзАрт» тобы Жәмилә әжейді мерейтойымен құттықтап барды.
Той барысында «МұзАрт» бірнеше ән орындап, әннен шашу шашты.
Тойдың тағы бір ерекшелігі, Жолдасовтар әулетінің келіндері түгелдей дерлік бірдей киініп алды. Ақ жаулық, ақ көйлек пен жасыл түсті қазақтың комзолын киген келіндер тойдың сәнін аша түскендей.
Одан бөлек, «Бозторғай» әнімен танылып, екінші Мейрамбек атанған кішкентай бүлдіршін Нұрмұхаммед Жақып та той қонақтары қатарынан табылды. Сыңғырлаған үнімен елді баураған жас талант 90-ға толған әжесін құттықтап келді.
Жіберіп алмаңыз:
Джеки Чан «Оскар» сыйлығын алды
Мейрамбек Беспаевтың анасын құттықтауы қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Тұрсынбек Қабатов: Менің күртемді астымызға төсеп, Мөлдірдікін жамылған күндеріміз болды
91 тобының қарағандылық тыңдармандары концертте топқа ән айтуға мүмкіндік бермеді (видео)