Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан «Оскар» сыйлығын алды

Актер Джеки Чан кинематографияға қосқан үлесі үшін «Оскар» сыйлығын алды. Бұл туралы американдық кинематография өнері мен ғылым академиясының Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланды.

pic_9c86204cf6b6617d047174413c8dde84

Фото: Mario Anzuoni / Reuters

Марапаттау рәсімі 12 қараша күні Лос-Анджелесте (АҚШ) өтті.

«200 фильм мен сынған сүйектерден кейін әйтеуір қол жеткіздім-ау», – деді Чан сыйлықты алған сәтте.

Daily Mail басылымының хабарлауынша, аталмыш сыйлыққа монтажшы Энн В. Коутске, актерлермен жұмыс бойынша режиссер Линн Сталмастерге және театр режиссері Фредерик Уайзманға бұйырды.

62 жастағы Джеки Чан – әлемдегі комедия және боевик жанрындағы ең танымал актерлердің бірі. Оның «Пьяный мастер», «Змея в тени орла», «Доспехи бога», «Час пик» және «Вокруг света за 80 дней» фильмдеріндегі образдары кеңінен танымал. Актер ұрыс эпизодтарында өзі ойнағанды жөн көреді.

Жіберіп алмаңыз:

91 тобының қарағандылық тыңдармандары концертте топқа ән айтуға мүмкіндік бермеді (видео)

Бүркіт Айшаның стилін сынға алғандарға жауап берді

Алуа Қонарова: Мен Баянмен татуласқым келген

Ксения Собчак екіқабат күйінде жалаңаштанып суретке түсті

Талқылау