Ұлықпан қытайлық байқауда бір әншімен 40 маманның жұмыс істейтініне таңғалды
Продюсер, әнші Ұлықпан Жолдасов Димаштың сахнаға шыққан сәтін ғаламтор арқылы көріп, баға беріп отырады екен. Ол бір әншімен көптеген маманның қатар отырып жұмыс істейтініне қайран қалған.
Фото: instagram.com/aigan_zholdasova/
Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасындай айтылды.
“Бір ғана қатысушымен 40 шақты адам жұмыс жасайды екен. Сонымен қатар, 8 бірдей статуетка алуы керек”, – дейді Ұлықпан Жолдасов.
Ұлықпанның өзі осы күнге дейін ешқандай байқауларға қатысып көрмепті. Алайда, бүгінгінің талабы басқаша деген пікірде. Қазақ эстрадасында көпшіліктен ерекшелену үшін өнер иесі міндетті түрде ән додаға қатысып, өзін халық алдында дәлелдеп жүруі тиіс екен. Сонда ғана әншінің деңгейі өсетін көрінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Қытайлық жанкүйерлері Димаш тоқтаған қонақүйді торуылдап жүр
“Қазақстан дауысы” жобасының жеңімпазы 7 млн теңгесін ата-анасына сыйламақ
Алтынай Жорабаева Қыдырәлі Болмановты жақтап сөйледі (видео)
Талқылау