Ұлыбритания премьер- министрін түнде Астана әуежайында суретке түсіріп алды
27 мамырдың түнінде Англия премьері Дэвид Кэмерон Астана әуежайында болып қайтты. Оның елордадағы әуежайда болған сәтіндегі суреттер әлеуметтік желілерге жарияланған.
Мәселен, саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің Фейсбуктегі парақшасында осыны жазған.
«Өткен түнде Британ премьері Астанада болды. Расымен, тек ол 60 минут қана болды. Токиодан Лондонға бара жатқан жолында тоқтаған» деп жазған Қарин фотосуреттерін қоса берген екен. Айта кетерлігі, Кэмерон Астанада 27 мамырдың түнінде аялдаған екен. Ол бір сағатқа жуық уақытын әуежайда өткізген. Ұлыбритания Үкіметбасының ұшағы Астанаға Токиодан Лондонға қайтып бара жатқан жолында тоқтаған болып отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Дэвид Кэмерон мұсылман қыздарды өзгелермен тең көруді талап етті
Дэвид Кэмерон әйеліне ескі Nissan көлігін алып берді
Микрофоны қосулы қалған Кэмерон «жемқорлық ең көп жайлаған елдерді» атап қалды (видео)
Талқылау