Ұлдар мен қыздарды бөлек оқытуға арналған екі жылдық тәжірибе таңқаларлық нәтиже берді
Алтай өлкесі Бийск қаласындағы № 20 мектепте ұлдар мен қыздарды бөлек оқытуға арналған екі жылдық тәжірибе таңқаларлық нәтиже берді.
Бұл туралы «Bloknot.ru» хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Арнайы тәжирибемен оқытылған екі сыныптың да оқу үлгерімі жақсарды. Егер аралас сыныптарда сабақты «жақсы» және «үздік» оқитын оқушылардың саны орта есеппен 50 пайыз болса, жекелеген сыныптарда қыздардың 89%-ы, ал «ұлдардың» – 65%-ы сабақты үздік оқиды.
Сондай-ақ, жекелеген сыныптарда барлық оқушылар сабаққа қатысып жұмыс істесе, аралас сыныпта оқушылардың 40%-ы ғана ілеседі.
«Психологтар бұл жетістіктерді сабақтардың ұлдар мен қыздарға түсінікті тілде жүргізетіндіктен деп түсіндірді. Мұғалімдердің әзілдеп қоятын көйлек пен машиналар туралы әр түрлі тапсырмалары жеке сыныптарда оңай шешіледі. Қыздар декорациялар, жұмсақ ойыншықтар, гүлдер туралы талқылайды. Ал ұлдар робот, спорт, автокөлік туралы, сондай-ақ өздері қызығатын басқа да тақырыптар туралы талқылайды», – делінген мақалада.
Сонымен қатар, жекелеген сыныптарда ұлдар мен қыздар арасында бәсекелестік болмайды. Ал жалпы сыныптарда ұл балалар өздеріне назар аударту үшін қыздарды жиі ренжітіп жатады. Сондай-ақ, қыздар да қызығушылық танытуға тырысады, ал бұл мәселелер сабақ оқуға кедергі келтіреді.
Психолог Любовь Пивоварованың айтуынша, қыздар ұл балаларға қарағанда жұмысты неғұрлым баяу атқарады.
Сонымен қатар, бөлек білім алу балаларды әлеуметтендіруге кедергі келтіреді деген ойды сарапшылар жәй ғана аңыз деп санайды. Балалар қайткен күнде де көшеде, әлеуметтік желілерде және тағы басқа орындарда да бір-бірімен араласып тұрады.
Айта кетейік, аталған тәжірибе сегізінші сыныпқа дейін ұзартылған екен.
Тағы да оқыңыз:
Рамзан Қадыров: Құдай бізге 4 әйелге дейін алуға рұқсат берген
Луи Вьютон бренді алматылық барахолканың үстінен шағым түсірді
Қай қазақстандық өндірушілердің тауықтары қауіпті деп танылды