AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадағы қақтығысқа қатысқан қазақстандық 9 жылға сотталмақ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматының Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz порталына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Қазақстан азаматына қатысты оның Украина аумағындағы әскери қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы ақпарат түсуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы "Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

ҰҚК сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын атап өтті.



"Қазақстан азаматтарының қандай да бір шет мемлекеттердің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе ұрыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысуына байланысты әрекеттері, жалдамалылық белгілері болмаса, ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша қарастырылады. Мұндай қылмысты жасағаны үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді ҰҚК.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр