Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада "Ресей", "Мәскеу" сөздерін кіші әріппен жазуға ресми түрде рұқсат берілді

Бұдан былай бейресми мәтіндерде "Ресей", "Мәскеу" және сол сияқты сөздерді кіші әріппен жазу Украинада қате болып саналмайды. Украин тілінің стандарттары жөніндегі ұлттық комиссиясы "Ресей" сөзін және Ресей Федерациясымен байланысты басқа да ұғымдарды кіші әріппен жазуға рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ашық дереккөз

Комиссия отырысында украин халқының тәуелсіздігі жолындағы ерлік күресін ескере отырып, басқыншы елдің атын кіші әріппен жазу мәселесі қаралған. 

Толыққанды соғыс басталғаннан кейін көптеген украиналық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары "Ресей" сөзінде бас әріппен жазудан бас тартты. Енді бұл тәжірибе украин тілінің нормаларына сәйкес деп танылды, бірақ тек бейресми мәтіндерде.

Ведомство "Ресей Федерациясы", "Ресей", "Мәскеу", "Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасы" және т.б. сөздерді кіші әріппен жазуға ресми түрде рұқсат етілгенін атап өтті.
 

Талқылау