Украинада қарусыз адамды атып өлтірген ресейлік сарбаз өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Киевтің Соломенск аудандық соты Ресей әскерінің сержанты Вадим Шишимаринді қарусыз адамды өлтіріп, заң мен соғыс дәстүрін бұзғаны үшін кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Шишимарин Ресей Федерациясының әскери қызметкері болып тұрғанында соғыс заңдары мен шеңберін бұзған. Осы себепті Шишимарин кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылсын", - делінген дүйсенбі күнгі сот шешімінде.
Бұған дейін Украина прокуратурасы да Мәскеу облысының Кантемировск танк дивизиясының 21 жастағы бөлім командирін өмір бойына түрмеге қамауды сұраған.
Тергеу мәліметіне қарағанда, биыл 28 ақпанда Ресей сержанты 62 жастағы бейбіт адам Александр Шелиповты басынан атып өлтірген. Бұл оқиға Сумск облысының Чупаховка кентінде болған.
- "КСРО кезеңінен қалған техникалардың әбден тозығы жеткен": Қазақстан әскері соғыс қаупіне дайын ба?
- "Маған атуға бұйрық берді": Ресейлік сарбаз сотта қарусыз украиналықты өлтіргенін мойындады
- Мәскеу мен Киев келіссөздерді тоқтатты: Келісімге келуге не кедергі?
Соттың соңғы отырысында Шишимарин кінәсін мойындап, жасаған әрекеттерін айтып беруге келісім берген.
Сот отырысы барысында сотталушы қамауда болды, ол сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін уақытша ұстау изоляторында болады.
Өлген адамның сотта сөйлеген жесірі Екатерина Шелипова да кінәлі сержантты өмір бойына бостандығынан айыруды сұраған, бірақ "Азовстальді" қорғаған Украина жауынгерлеріне айырбастасы қарсы болмайтынын" айтқан.
"Сержантқа Украина бекіткен адвокат сөзінше, Ресей шенеуніктері немесе Ресей Қорғаныс министрлігінің ешбір өкілі Шишимаринмен сөйлесуге тырыспаған", - деп жазады BBC.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
