Үкімет мемлекеттік қор құрып, мемлекеттік органдарға арналған ғимарат құрылысына тыйым салды

Фото: Ru.freepik.com
Ел үкіметі биыл 24 қыркүйекте бірқатар шығыстарды жоспарлау кезінде бюджет қаражатын бөлуге және жекелеген шығыстарды орындау барысында қалыптасқан үнемдеуді дербес пайдалануға мораторий енгізу туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталмыш құжат нормативтік құқықтық акттің банкінде жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін келесі бағыттар бойынша мораторий енгізіледі. Республикалық және жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлау кезінде бюджет қаражатын бөлуге қатысты:
- Әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларға;
- Бюджеттен тыс жаңа қорлар құруға;
- Мемлекеттік органдардың жаңа әкімшілік ғимараттары мен кешендерін салу мен сатып алуға (2022 жылдан бастап құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктер нысандарынан басқа) тыйым салынады.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар бюджет бағдарламаларын және негізгі капиталдық шығыстар бойынша сатып алулар кезінде үнемделген қаражатты өз бетінше жұмсай алмайды. Тек жобалар алдын ала уәкілетті орталық мемлекеттік органдармен келісілген кезде ғана рұқсат беріледі.
Үнемделген қаржы экономикалық өсімге қатысты басым жобаларға бағытталады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген