Президент: "Үкімет карантинді сақтау шараларын күшейтуге міндетті"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке азаматтардың карантинді сақтау шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес", - деп жазды президент Twitter-де.

Сонымен қатар, ол коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары екенін атап өтті.

"Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр", - деді мемлекет басшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр