Үкімет басшысы қоластындағыларға неге дауыс көтермейтінін түсіндірді
Фото: t.me/KZgovernment
Премьер-министр Олжас Бектенов брифингте қоластындағыларға неге көпшілік алдында дауыс көтеріп, сөгіс бермейтінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олжас Бектенов қарамағындағылардың жұмысын сынайтынын атап өтті.
"Мен дауыс көтеру, жоғары тонмен сөйлеу басқарудың ең тиімді әдісі деп ойламаймын. Үкімет мүшелерінің барлығы, облыс әкімдері – үлкен мектептен өткен, жауапты тұлғалар. Ар-ождан - ең жақсы бақылаушы. Егер адам жауапкершілікпен жұмыс істесе, ол өзін басқара алатын кез келген адамнан жақсырақ бақылай алады. Егер басшы берілген тапсырмаларды орындамаса, көлемді игере алмаса, ол басшы болудан қалады. Айғайлау, көпшілік алдында сөгіс беру тиімсіз деп ойлаймын", – дейді үкімет басшысы.
Үкімет басшысы орнымен айтылған сынды құп көретінін атап өтті.
"Үкімет отырысында сын айтпаймыз дегенге мен келіспеймін. Іс бойынша, фактілер бойынша, егер біреу олқылық жасаса, (сын айтылады – ред.). Жарияланбайтын шаралар да бар. Әрине, сын айтылатын жұмыс мәселелері туындап тұрады. Қатаң сын айтылады, әртүрлі болады. Жалпы алғанда, үкімет жұмысқа қабілетті және президент тапсырмаларын орындап жатыр деп ойлаймын. Түрлі мәселе болып тұрады. Бірақ біз оларды мүмкіндігінше шешуге тырысамыз", - деді ол.
Айа кетейік, сондай-ақ Олжас Бектенов бұрынғы қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековпен туыстық қатынасы туралы сыбысқа нүкте қойды.