AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

UFC-дегі Қазақстан тумасы өз елінің атынан өнер көрсетпеу себебін түсіндірді

Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев Қырғызстан атынан өнер көрсетпеу себебін және болған жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақапарат агенттігі спортшының Instagram желісіне сілтеме жасап. 

физиев

"Қырғызстан Республикасында мені қолдайтындардың саны көп екенін түсінемін. Сіздерге айтарым, мен елден кету үшін себеп іздемедім, ешкімге ештеңе дәлелдегім келмейді. Кетуімнің себебі жаланың көбеюімен тікелей байланысты. Егер нақты бір елдің атынан шықпайтын болсам, уақыт өте бұлар да азаяды деп ойлаймын. 

Аралас жекпе-жек пен менің жанкүйерлеріме бұл істе өзімді тек жақсы қырынан көрсететінімді айтқым келеді. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін көп рақмет!" – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін Рафаэль Физиевтің өз елінің атынан өнер көрсетпейтінін хабарлаған едік.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр