UFC-де Азат Мақсұмды жеңген жауынгер Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды
UFC Fight Night 235 турнирінде Азат Мақсұмды жеңіп кеткен америкалық Чарльз Джонсон Асу Алмабаевқа қарсы жұдырықтасқысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Азат Мақсұм мен Жалғас Жұмағұловты UFC тұжырымы аясында жеңген америкалық спортшы Чарльз Джонсон тағы бір қазақстандық спортшыға қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Азаттың мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеген Джонсон содан кейін қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жеткен еді. Енді ол рейтингте үздік ондыққа кіру үшін Асу Алмабаев, Алекс Перес немесе Стив Эрцегке қарсы жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін биыл қазанда АҚШ-тағы UFC Fight Night 245 турнирінде бразилиялық Матеус Николауға (19-4-1) қарсы өткізіп, жеңген еді. Осылайша Алмабаев UFC-де 4-рет жеңіске жетіп, рейтингте 7-орынға жайғасты.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

