Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұтас бір ауылды асырауға болады": Бақуатты өмірін көрсеткен миллиардер ару сынға қалды

Әлемдегі ең жас миллиардер ару, кәсіпкер Кайли Дженнер қымбат көлігін көрсетіп мақтанамын деп сынның астында қалды. Ол желіде жаңа көлігін көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

22 жастағы Дженнер Instagram желісінде жаңа Bugatti Chiron көлігінің видеосын жариялады. Мұндай көліктің құны 3 миллион долларды (1 млрд 168 млн теңгеден аса) құрайды.

Алайда миллиардердің желідегі оқырмандары оны сынға қалды. Желі қолданушыларының кейбірі бұл ақшаға кедейшілікте өмір сүріп жатқан тұтас бір ауылды ондаған жыл бойы асырауға болатынын айтты. 

«Адамдар қымбат көлік сатып алғаннан кейін қалай ақталады екен? Қажеті қанша? Бұл адал жолмен тапқан ақшаңыз екенін түсінемін. Алайда неліктен оны игі істерге жұмсамасқа? Соны түсіне алмаймын. Бұл ақшаға кемінде бір жыл тұтас бір ауылды асырауға болады», «Тағы бір жаңа көлік. Ал кейбір адамдар табысын әрең жеткізіп, тиын санап жүр. Ол үшін қуаныштымын, әрине. Бірақ әр нәрсенің шегі бар екенін білу керек қой», «Одан да ақшаңды мұқтаждарға көмекке бер... Олар үшін көп нәрсе жасай аласың ғой», - деп жазды пікір қалдырушылар. 

Артынша Кайли аталған видеоны өшіріп тастады.

Талқылау