Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов коронавирус жайлы: Дәл осындай сынақ бергені үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтам

Тұрсынбек Қабатов елде тараған індетке байланысты халықты сабырға шақырды. Бастысы отбасымыз қасымызда. Елде тыныштық, бейбіт заман екенін еске салды. Бұл жеңіл сынақ екенін айта келе, әр нәрседен сабақ алуға кеңес берді. 

Тұрсынбек Қабатов: Дәл осындай сынақ бергені үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтам

Бұл туралы Ниет бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрсынбек Қабатов 56 күн карантинде уақытын қалай өткізгенін айтты. Бірінші болып отбасымен маска тігуді қолға алған әзілкештің отбасы ел қатарлы үйде отырды. Тұрсынбек танымал актерлермен тікелей эфир арқылы сөйлесіп, көрерменіннің көңілін көтерді. Балаларына көп көңіл бөліп, отбасымен уақыт өткізгенін айтады. 

"Бұл сынақ. Алланың жеңіл сынағы деп есептеймін. Аллаға шүкір етемін. Қазақ бұдан да ауыр сыннан өткен. Соғысты көрді, ашаршылықты көрді. Аталарымыз пленде жатты. 2 айлап қалай шыдады? Қалай жатты? Біз отбасымызбен, жақындарымызбен өз үйімізге әрең шыдап жүрміз? Аталарымыз бұдан да ауыр сынақтарды өткерді ғой. Сондықтан бәріне байыппен қарау керек. Бұдан сабақ алу керек. Әр нәрсенің жақсы жағы бар. Тазалақты, үнемдеуді үйрендік",  деді әзілкеш. 

Тұрсынбек қанша жылдан бері "р" әрпіне тілі келмей жүрген ұлының тілі түзеліп кеткенін еске алды. 

"Ұлым 3 жасында әрең сөйлеп, "р" әрпіне тілі келмей жүретін. Сақау болып қалар ма екен деп қорықтық. Бір күні Райымбек деп ағасын атап жүр. Тілі түзеліп кетіпті. Сөйтсек онымен көп сөйлесу керек екен. Баламен көп сөйлессең, тілі де тез шығады екен. Карантин уақытында балалармен уақыт көп өткіздім. Көп сөйлестім. Ұлыммен әр нәрсені айтып сөйлете берген соң оның да тілі жаттығатын көрінеді. Біздің, ата-аналардың қателігі, балаларға көп көңіл бөле алмай жатамыз", - деді Тұрсынбек Қабатов.

Әзілкеш қазақ секілді елдің, ауызбіршілігі жойылмаған ұлттың ешбір жерде жоқ екенін айтады. 

"Қазақ қашанда қалыбын жоғалтпаған. Мақтаралду су басты. Қанша қазақ көмекке ұмтылды. Біз жемітін, жесірін жылатпаған елміз. Ақшалай да, басқалай да көмектесті. Үкімет те көмектесіп жатыр. Әнші, актер, өнер өкілдері жұмыла ұмтылды. Ешір елде әншісі халқына барып, көмекке келіп, олардың жағдайын сұрап жатқан жоқ. Тез қазақ қана жанымыз ашып тұратын халықпыз. Осы қасиетімізден айырылып қалмасақ екен деймін. Бірлігіміз жараса берсе екен", - деді Қабатов. 

Әзілкеш карантин уақытындағы әзілдері жиналып қалғанын айтады. Оны алдағы уақытта көрерменге жетізуге асық. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Маусым, 2020 10:30
Талқылау