Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тырнағына маникюр жасататын әнші жігіттер кімдер?

Отандық эстрада жұлдыздары әрленіп, сәнденгенді ұнатады. Тіпті, ер азаматтардың өздері сыртқы келбеттеріне жіті көңіл бөледі. Қыздар ұқсап сән салондарында сағаттап уақыт өткізбесе де, жігіттер де шаштарын сәндеп, қала берді маникюр жасатады.

маникюр жасататындар

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Қайрат Нұртастың жеке шаштаразы әншінің маникюр жасатып тұратынын айтып қойды. Ал Ернар Айдар салонға тек шаш алдыруға баратынын айтты. Ол, өзге процедуралардың атауын да білмеймін деп ақталды.

«Сұлулық салонына жиі бармаймын, шашымды алдыру үшін ғана барамын. Басқа ештеңе білмеймін, аттарын да білмейді екенмін.

Маникюр жасатпаймын. Құдай берген қол, осы қолмен жүрміз ғой. Ешқашан тазалатып көрмеппін, крем де жақпаймын», – дейді ол.

Жұбаныш Жексен де Ернардың пікіріне қосылады. Десе де ол өмірінде бірнеше рет маникюр жасатып көргенін айтты. Тіпті, ұнатып қалғанын жасырмады.

«Шашты реттестіретін кезде ғана барып тұрамын. Апта сайын, күн сайын бармаймын. Өмірімде 1-2 рет маникюр жасатқанмын, ұнайды маған», – деді әнші жымиып.

Сол сияқты әнші Абай Бегей ара-тұра қолын тазалатып тұратынын айтты.

«Ақтауда» салонымыз бар. Барған кезде қыздар: «Аға, келіңіз тырнағыңызды алып берейін», – дейді. Алдында бір алған кезде түссіз лак жағып жіберіпті. Алматыға келіп, сұхбат беріп жатсам бір журналист қыз көріп қалды. Сол кезде ғана білдім. Мен тазалағаннан кейін жағатын бірдеңе шығар деп ойлағам. Содан кейін жақпайтын болдым. Салонға барып, қолымды тазалаттырып тұрамын. Онда тұрған ештеңе жоқ. «Тазалық – имандылықтың белгісі» дейді», – дейді Абай Бегей.

Ал әнші Мақсат Базарбаев ер азаматтың сән салонына баруын арсыздыққа балады.

«Бізге жат нәрсе ғой. Еркек болып келдің ба өмірге, еркек ұқсап жүру керек сияқты. Қас жұлу ұят нәрсе. Салонға барып отырғаныңның өзі – ұят нәрсе, тіпті, арсыздық. Ақша төлесе де, бармас едім. Жігітше…» – деді ашуланған әнші.

Жіберіп алмаңыз:

“Сәт” тобының әншісі отбасын құрды (фото, видео)

Жеке шаштаразы Қайрат Нұртастың ел білмейтін құпиясын ашып қойды

Асан Пердешов әйеліне қол көтергендіктен ажырасқанын мойындады

Жұрт ескінің әншісі санайтын Заттыбек заманауи шаш үлгісімен таңғалдырды

Талқылау