Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды мәжілістегі "абьюзер-депутаттар" әдейі қабылдатқысы келмеді ме – Депутат жауап берді

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын таныстыру барысында жанжалдың шығуына әйелдің тікелей себепкер екенін айтқан еді. Депутат Наталья Дементьева “осындай пікір білдіретін, абьюзерлікті ақтауға тырысатын депутаттар “тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жауапкершілікті күшейту” туралы заңды қабылдауға кедергі жасады ма”деген сауалға жауап берді. Оның сөзінше, бұл – депутаттың жеке пікірі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

Наталья Дементьева Анас Баққожаевтың айтқанынан контекст алынып, қызу талқыланып жатқанын жеткізді. 

"Әр адамның жеке пікірі болуы мүмкін. Тағы бір айта кететін жайт, ол кісінің айтқанынан контекст алынып, сол талқыланып жатыр. Мен толығымен оның сөзін естідім. Ол заңнамаға қарсы емес. Оның айтқысы келгені – отбасындағы жанжалға екі адам да жауапты деген сөз. Анас Баққожаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңнаманы күшейтуге қарсы шыққан жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасы бізде жан-жақты қарастырылған. Заң жобасына қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырамыз. Барлық депутатты қатыстырдық. Бірде-бір ер депутат осы заңнамаға қарсы шыққан жоқ", – деді мәжіліс депутаты.

Еске сала кетейік, депутат Анас Баққожаев еркектерді де түсіну керек, жанжал әйелдің тілі ұзын болғандықтан шығады деп айтқан еді. 

Айта кетейік, бұған дейін Динара Закиева Нүкенованың ісі бойынша Бишімбаевты ақтау науқаны жүріп жатқаны туралы хабарлаған еді. 

Талқылау