"Тұрғын үйдің жоғарғы қабатын жезөкшелер басып алды": Алматы тұрғындары наразылығын айтты
Алматылықтар қыркүйек айында осыған дейін тыныш болған аудандағы "Әйгерім" тұрғын үй кешенінің техникалық қабаттарына бір топ адамның кіріп алғанын айтады. Олар үй-жайларды қайта жобалап, пәтер жасап жалға беруде. Тұрғындар жоғарғы қабаттардың жезөкшелердің мекеніне айналғанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
“Бұл Ерғалиева ханым мен Сәтқожа мырза өздерін осы үй-жайдың иесіміз деп жариялап отыр. Біз бұл құрылысты тоқтатуға тырыстық. Бұл құрылыс фактісі өз алдына "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 40-бабының 3-тармағына қайшы келеді. Онда бүкіл рәсім пәтер иелерінің кемінде 2/3 бөлігімен келісілуі керек деп көрсетілген”, – деді тұрғын Константин Богомолов.
Үйдің тұрғындары едендерін жөндеуге келіспеді. Қала құрылысын бақылау басқармасы да рұқсат бермеген. Бірақ жап-жаңа орындарды күн санап жалға бере бастағанына тұрғындардың наразы. Бұл жер кез келген жеңіл жүрістілерге арналған орынға айналған.
“Түнгі көбелектер жүреді, түрлі адамдар да көбейген. Балаларымды, тіпті әйелімді кеште сыртқа шығаруға қорқамын. Өзім спортшымен. Кейде далаға шыққан кезде кейбірін қуып жіберемін”, – дейді тағы бір тұрғын Ғалым Теңізов.
Қала құрылысын бақылау департаменті меншік иесі "Астана Строй Инвестке" көптеген заңбұзушылықтары үшін бұған дейін де айыппұл салынғанын хабарлады.
“Ағымдағы жылдың 4 мамырына дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру және жіберілген бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылданып, ұйғарым шығарылды. Біз қазір меншік иесіне тапсырыстың орындалуы туралы ақпарат беруге хабарлама жібердік”, – деді Алматы қаласы әкімдігінің Алатау және Бостандық ауданы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің маманы Дархан Тайсаринов.
“Бұйрық орындалмаса, іс сотқа жолданады", – деп атап өтті департамент.
Тұрғын үй кешенінің тұрғындары президентке видео үндеу түсіріп үлгерген.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
