Тұрғын үй кезегін EGov.kz порталы арқылы білуге болады
Қазақстандықтар ендігі уақытта баспана кезегін үйде отырып-ақ біле алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Достар, сіз тұрғын үй кезегін қалай тексеруге болатынын жиі сұрайсыздар. EGov.kz порталы арқылы кезегіңіздің келген-келмегенін тексеруге мүмкіндігіңіз бар екенін хабарлаймыз.
Ол үшін порталдың басты парағынан "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезек нөмірін қарау" қызметін таңдаңыз. Тексеру процесі бірнеше минутты алады, жауап экранда көрсетіледі. Сізге порталға ЭЦҚ көмегімен кіру жеткілікті. Сіз кез-келген уақытта өз кезегіңіздің ілгерілеуін қадағалай аласыз", - деп жазылған EGov.kz порталының Facebook парақшасында.
- Қазіргі жағдай алыпсатарлық: Мамандар зейнетақы жинағына әзірге пәтер сатып алмауға кеңес береді
- Қазақстанда пәтер бағасы қымбаттады
Талқылау

Қазақстандық қыз күйеу жігітінен қалыңмал алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
Тұрмысқа шығамын деп ақша алып, жоғалып кететіндер туралы әңгімеледік

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
Жанель: "Сезіміміз бен сеніміміз сыналды"