"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
Фото: Жанель мен Джилберто
Махаббатын өзге ұлттан тапқан Жанель Исмағұл мен бразилиялық азамат Джибертоның қарым-қатынасы достықтан басталған. Қазақ қызы сүйіктісімен авиация саласында жүріп танысқан. Ол Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында болашақ енесімен танысу үшін Бразилияға сапары туралы және шетелдік жігіттің қазақ жігіттерінен айырмашылығы жайлы айтып берді.
Жанель Исмағұл – Батыс Қазақстан облысы Ақтөбе қаласының тумасы. Қазір Астанада тұрып жатқан ол авиация саласында, Vietjet Qazaqstan әуекомпаниясында қызмет етеді. Өзін ісіне адал жан ретінде таныстырған ол жолаушылармен тілдесуден, саяхаттан шабыт алады. Жанельді Джилбертомен таныстырған да әуе кеңістігі.
“Біз алғаш рет 2021 жылы Ақтау қаласында, FlyArystan әуекомпаниясында жұмыс істеп жүргенде кездестік. Мен – бортсерікпін, ал ол ұшқыш. Бірінші кездесуден бастап-ақ, оның сабырлы көзқарасы мен жылы жымиғаны маған ерекше әсер қалдырды. Уақыт өте келе, достық пен құрметтен бастау алған қарым-қатынастан кейін арамызда әлдебір ерекше байланыс пайда болды. Алғашында бұл жай ғана қызығушылық сияқты еді. Бірақ әр рейс сайын мен оны жақын тартып, бұрыннан таныс адамдай көретін болдым. Сол сәттен бастап қарым-қатынасымыз баяу, бірақ шынайы өрбіді.
Айтуынша, Джилбертоның байқампаздығы мен оғаны шынайы көңіл бөлуі қазақ қызының жүрегінен орын алған.
“Ол мені тыңдай біледі, менің сезімдеріме мән беретіні ерекше ұнайды. Ол – өте сабырлы, ойланып, орнымен сөйлейтін, ешқашан асығыстыққа салынбайтын адам. Мен өзімді оның жанында әрдайым алаңсыз әрі қауіпсіз сезінемін. Джилберто мені өзгертуге тырыспайды, керісінше, бар болмысымды қабылдағаны – мені баураған ең басты қасиеті. Қазақ жігіттерінен айырмашылығы бар. Джилберто сезімдерін ашық білдіреді. Жақсы көрсе, жақсы көрем деп тіке айтады. Еш қысылмастан жылы сөзін айтады, қамқорлығын да жасырмай көрсетеді. Қазақ жігіттері көбіне эмоциясын көрсете бермейді. Бірақ мен мұны ұлтқа байланысты емес, тәрбиеге және адамның өзіне тән қасиет деп қабылдаймын”, – дейді Жанель.
Бірақ шақырған жерге уақытында бару, жоспарлау немесе отбасыға деген қарым-қатынас сияқты мәселелерде түсініспеушіліктер болып тұратынын жасырмады. Жанельдің айтуынша, мұндай келіспеушілікті әрдайым сөйлесіп шешуге, ортақ шешім табуға тырысады. Ең бастысы – тыңдай білу және түсінуге ұмтылу дейді ол.
Жанель 26 жаста, ал Джилберто 41-де. Екеуінің расы – 15 жас. Бірақ жас айырмашылығы да, жігіттің өзге ұлттан екені де екеуінің қарым-қатынас құруына еш кедергі болмады.
“Джилбертоның басқа ұлт өкілі екенін әу баста ойландырды. Себебі әр ұлттың өз менталитеті, салт-дәстүрі, көзқарасы бар. Бірақ Джилбертоның адамгершілігі, қарапайымдылығы мені бар алаңдаушылықтан арылтты. Оның ашықтығы, менің мәдениетіме деген құрметі – менің таңдау жасаудан қателеспегенімді көрсетті. Жас айырмашылығына келер болсақ, ата-анамның арасы 10 жас болғандықтан, бұл сұраққа қатты бас қатырмадым. Біз сөйлесе бастаған сәттен бастап-ақ, жас емес, жан үндестігі маңызды екенін түсіндім. Оның өмірлік тәжірибесі, сабырлылығы, мені түсініп, қолдай білуі – осының бәрі мені күмәннан арылтты. Уақыт өте келе, жас айырмашылығы біздің қарым-қатынасымызға керісінше, тепе-теңдік пен тереңдік алып келгенін байқадым”, – дейді кейіпкеріміз.
@zhanelandgilberto Как мы познакомились 🇰🇿❤️🇧🇷часть 5 🇺🇸 After eight months of long-distance relationships, a new chapter of our story began - he moved to Astana, and I met him with a cake. A month after our reunion, we flew together to Finland for a friend's wedding, and then went on a trip to Germany and Istanbul. We spent a lot of time together, walked, enjoyed every moment and still could not believe that we now live in the same city and can see each other every day. We celebrated his birthday together, and soon the New Year. I saw him off to work, and then on vacation home, to Brazil. On February 14, we decided to go to a drawing studio, where we created a cute picture and later hung it on the wall next to many photos filled with warm memories. Sometimes I cooked his favorite Kazakh baursaks, which became another way to show care and love. Later, we went to my native Aktobe, where I showed him the city, my school and places associated with childhood memories. That day we were waiting for my younger sister to come home from school - a warm relationship was established between them right away, which I am very happy about. We often flew on the same days, but on different airlines. One day, our friend invited us to "uzaty" in Aktobe. Gilberto was the center of attention and happily took part in the traditions - he passed the beshbarmak to his daughter-in-law and received his first "salem salu". He really liked it. He even said a toast, and all the guests listened to him with pleasure. Returning to work, we realized that in two years of living in Aktau, we still had not visited the famous places. We quickly organized everything, went to Aktau, bought a tour - and here we are already standing on the top of Bozzhyra, not believing how quickly it happened. Later, by the Caspian Sea, we again remembered our love story. At that moment, it was especially acutely felt that what once seemed like a dream had become our reality. Now we are together, in the same city, and living our happy life❤️
♬ original sound - X_Gordito507
Десе де қазақ қызының таңдауы Жанелдің жақындарын алаңдатпай қомаған. Оларды уайымдатқан – ұлт мәселесі еді. Бірақ Джилбертоны танып-білген соң, оның Жанельге деген пейілін, оны бағалайтынын көргенде бәрі ұмыт болған.
“Джилбертоның жақындары мені жылы қабылдады. Анасы – мен үшін ерекше адам. Ол мені бірден құшағына алып, қызы сияқты көретінін сездірді. Біз тіл жағынан толық түсініспесек те, жүрек тілі бәрін ұғындырды. Мен оның анасымен танысу үшін, Бразилияға аттандық. Ол мені өте жылы қарсы алды. Бұл мені қатты толқытқан сәт болды. Ең ерекше есте қалғаны – оның көзінен көрген шынайы мейірімі. Алып келген сыйлықтарыма шынайы қуанып, қызығушылық танытты. Тезірек мені ұзатуымда қазақы көйлекте көргісі келетінін айтты. Осы тілегі санамда жатталып қалды”, – дейді қазақ қызы.
Жанель Бразилияға сапарында 74 жастағы болашақ енесінің өзін күтім жасап, денсаулығына ерекше көңіл бөлетінін айтып, таңғалысын жасырмады.
“Джилбертоның анасы Анели тұрақты түрде жаттығу залына барады. Өз жасына керемет жас көрінеді. Бұл мені қатты шабыттандырды. Ол алдағы уақытта да өзіне күтім жасап, осы қыста өмірінде алғаш рет қар көріп, менің отбасыммен танысу үшін Қазақстанға келетінін айтты”, – дейді Жанель.
Жанел Джильбертомен қарым-қатынастың қиын кезеңдерінен де бірге өткенін айтады. Ол жұмыс бабымен Ақтаудан Астанаға көшуге мәжбүр болған. Сол сәттен бастап олардың қарым-қатынасы екі қалада жалғасты.
“Екеуіміз 8 ай бойы екі қалада тұрдық. Бірақ арақашықтық қарым-қатынасымызға еш әсер етпеді. Демалыс күндері уақыт тауып көрісіп тұратынбыз. Содан болар жалғызсыраған емеспін. Кейін Джилберто жұмысын Астанаға ауыстырып, сүйіктісімен қайта қауышқан.
“Сезіміміз бен сеніміміз сыналды. Алайда бәрін бірге өткердік. Махаббатымыз екеуімізді қайта-қайта тоғыстырды. Біз әр жолы қарым-қатынасымызды сақтап қалу үшін күресуден жалықпадық. Сол күрестің арқасында ара қатынасымыз одан әрі беки түсті. Біз болашағымызды бірге елестетеміз. Жақындап келе жатқан атаулы күндерді жоспарлап жүрміз. Қазақтың салт-дәстүрлері мен үшін өте маңызды, сондықтан әдет-ғұрыпты сақтап, ұстанғым келеді. Сол арқылы өзімнің кім екенімді, қайдан шыққанымды көрсетемін. Джилберто да менің осы тілегімді құрметтейді. Ол менің ұзатуыма анасын Бразилиядан Ақтөбеге алып келуге дайын, себебі Джилбертоға біздің дәстүріміз, ұлттық киімдеріміз қатты ұнайды. Сондықтан да анасы осының барлығын тамашалағанын қалайды. Сол себепті бәрін екі жаққа да ортақ етіп өткізгіміз келеді”, – дейді Жанель алағы жоспарлары туралы айтып.
@zhanelandgilberto Всем привет! Здесь мы будем делиться: • нашей историей любви • казахским и бразильским менталитетом • забавными культурными различиями • и просто — нашей жизнью, как она есть Сколько лет разницы у нас? А как мы познакомились? Кто первый сказал «я тебя люблю»? Всё расскажем. Добро пожаловать!
♬ оригинальный звук - Zhanel and Gilberto

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
