"Тұншықтырып, бетін таптайды": Қашқында жүрген қытайлық тергеуші қамауда отырған ұйғырларды қалай азаптайтынын айтып берді
Еуропаға қашқан ҚХР бұрынғы полиция детективі қытай билігінің мұсылман-ұйғыр тұтқындарын мойындату үшін қалай азаптайтыны жөнінде айтып берді. Офицер Цзянмен (есімі өзгертілген) болған сұхбатты CNN арнасы жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұрынғы полицейдің сөзінше, тұтқында отырған ұйғырларға лаңкестік әрекетін мойнына алдыру үшін оларды ұрып-соғып, электр тоғымен қинап және топтық зорлау әрекеттерін жасаған.
"Байлауда отырған адамдардың жыныс мүшелеріне екі электр сымын байлап, сол арқылы тоқ жібердік", – деп мәлімдеді Цзян.
- "Төрт күн азаптап, екі қолы істемей қалды": Лондонда этникалық қазақтар Қытай лагерінде көрген азаптары жайлы айтты
- Түзету лагерьлерінен кейін ақысыз жұмысқа мәжбүрлейді: Қытай озбырлығынан бас сауғалаған этникалық қазақтар оқиғалары жайлы айтты
- Шыңжаңдағы мешітті дәретханаға айналдырған: Қытай мұсылмандардың ғибадатханалары мен зираттарын бұзып жатыр
Сонымен қатар оның әріптестері адамдарды ұйқыдан айыру, суға тұншықтыру және камераның төбесіне іліп қою арқылы өз мақсаттарына жетуге тырысады. Ұйғырларды темір шынжырлармен ұрып, тұншықтырып беттерін таптайды. Полиция қызметкерлері мұнымен қоса тұтқында отырған мұсылмандарға бір бөлмеде отырған адамды зорлауға бұйрық бере алады. Бұл әсіресе ер адамдарға қатысты.
Айта кетейік, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси халықаралық қауымдастықты ұйғыр геноцидіне байланысты 2022 жылы Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына бойкот жариялауға шақырған болатын. Оның пікірінше, "әлемнің жетекші елдерінің басшылары" бұл спорттық шараға қатысудан бас тартуы керек.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
