Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдарманы Мақпал Жүнісоваға домбырамен ән арнады (видео)

Мақпал Жүнісоваға тыңдарманы Гүлнұр Нұрасылова домбырамен ән арнады. Әнші өз кезегінде тыңдарманына деген шексіз қуанышын жеткізді.

15877004_1777763002547640_1453790066840174592_n

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желі арқылы түрлі жаңалығын бөлісетін жұлдыздардың қатарында Мақпал Жүнісова да бар. Ол бұл жолы тыңдарманының өзіне ән арнағанын айтып мақтанды.

“Әсем күйді толтырып тынысына,
Икем берген сахна тұрысына.
Ән сыйлаған еркелеп қазағына,
Даусың ғажап, Мақпал апай Жүнісова.

Әнді осы домбыра күмбірімен,
Әуелеткен бақтардың бұлбұлымен.
Жарық шашып тұрады жанарыңыз,
Көк аспанның жарысып жұлдызымен.

Жарасымды көзі мен қасы қара,
Нағыз қазақ қызысыз расында да,
Өлеңі мен халыққа жылу төккен.
Теңеп өтем мен сізді асылдарға”, – деп әншінің тыңдарманы.

Мақпал ханым мұндай арнаудан кейін бір марқайып қалғанын жасырмады. “Осындай маған ән арнау айтқан Гүлнұр Нұрасіловаға үлкен раxмет! Маған жаңа Гүлмира Нәлібай салып жіберіпті, бақытты болыңыз!” – деп жазады ол. Әсем ән әншіге ғана емес, желі қолданушыларына да ұнап қалды. Олар өз кезектерінде жылы лебіздерін жеткізді.

“Керемет! Домбыраны әдемі шертеді екен. Мейрам ағаның “Қолжетпесім” әнінің авторы осы кісі емес пе?”, “Өте керемет! Қазақтың осындай келіндері барда, жүрегі ел деп соғар намысты ұрпақтары көп боларына сенімдімін. Қазақтың ерке қызы Мақпал апай туралы өте жақсы жырлапсыз. Аман болыңыз!”, “Мынандай ән арнаулар жүрегіңді елжіретіп жіберген шығар. Бұл – халықтың махаббаты. Арнау айтқан келіншектен нағыз елімізге тән нәзіктік, сыпайылық сезіледі. Рахмет, жаным. Алла қолдасын”, “Даусың сазды, әдемі екен. Маған ұнады” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Ұлын қырқынан шығарған Мөлдір Әуелбекова жұмысқа кірісті (фото)

Жәния Джуринская 10 жасар жиеніне құрбысынан өш алуға кеңес берген

Ердос Қанаев өзін тыңдармандардан қызғанатын келіншегін сабырға шақыратынын айтты

Асхат Тарғын мен Ринат Зайытов тойдағы төбелестері туралы шындықты айтты (видео)

Талқылау