Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская 10 жасар жиеніне құрбысынан өш алуға кеңес берген

Жәния Джуринская 10 жасар жиеніне құрбысынан кек алуға кеңес бергенін айтты. Оған тіпті кек алу үшін не істеу керектігін де баяндап берген-ді.

15802510_1620175834958973_7261218504009842688_n

Фото: instagram.com/djurinskaya

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Актриса өзінің батыл мінезімен танымал. Ол отандық бағдарламалардың бірінде өзінің сүйіктісіне қарағанда, әлдеқайда батыл екенін де айтқан-ды. Өзімен бірге тұрып жатқан туған сіңілін де қатаң бақылайды екен.

“Тәте, мені құрбым топтан шығарып жіберді. Не істейін? Кек қайтарайын ба?” – дейді 10 жастағы жиенім. Мен оның құрбысын танымаймын. Бірақ бетпақ қыз қазірдің өзінде ұнап отырған жоқ. Ойша оны секіртпемен ұрып та жібердім. Алинаға қандай кеңес бергенімді білесіздер ме? Иә, кек алуға кеңес бердім! Жаңа топ ашып, сол құрбысынан басқалардың барлығын енгізуге кеңес бердім. “Телефоныңды берші. Мен оны бұғаттап тастайын, бұдан былай араласушы болма! Ешқашан!” деп айттым. Қазір жатып алып “Осы мен есі дұрыс әпкемін бе?” деп ойланып жатырмын. Бәлкім “Ол жансыздардың қатарында жүрген адам. Кешір де бұл ситуацияны босат. Сабырлы бол” деп айтуым керек болған шығар. Бұл ойымнан кейін күлкім келді. Мен не деп кеттім? Кек алып, өртеу керек. Құдай өзі кешірсін. Әмин. Ал сен қандай кеңес берер едің?” – дейді Жәния Джуринская.

“Мен болсам, ешнәрсеге мән берме деп айтатын едім”, “Кек алған дұрыс емес. Барлығын Алланың өзі реттеп отырады”, “Жиенің сенен қолдау күтті. Сен өз кезегіңде дұрыс істедің! Ақ жолдан таймай келе жатқан ақылдымсың! Алайда кек алу деген – соғысты бастаумен бір екенін ұмытпа. Жиеніңе кешірім сұрап, татуласуды ұсынсаң, қалай болар екен?”, “Сен керемет жансың! Жұртты күлдіре білесің, Жәния”, “Мен де дәл осылай кеңес беретін едім”, “Сенің орныңда болсам, мен де осылай жасайтын едім. Біздің де дәл осындай “құрбыларымыз” бар” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Ердос Қанаев өзін тыңдармандардан қызғанатын келіншегін сабырға шақыратынын айтты

Асхат Тарғын мен Ринат Зайытов тойдағы төбелестері туралы шындықты айтты (видео)

Баян Есентаева құрбысы Динара Сәтжанға суретпен жауап берді (фото)

Ерке Есмахан қайда барса өзімен бірге шай көтеріп жүретінін айтты (видео)

Талқылау