Ердос Қанаев өзін тыңдармандардан қызғанатын келіншегін сабырға шақыратынын айтты

Дүйсенбі, 9 Қаңтар , 2017 12:53

Бұл төрт жігіттен құралған топтың барлық әнін халық сүйіп тыңдайды десек қателеспейміз. Себебі әрбір жаңа туындысы мағыналы сөздер мен жүрек қылын шертер ноталардан тұрады. Топ мүшесі Ердос Қанаев кезекті сұхбатында өзін тыңдармандарынан қызғанатын әйелін сабырға шақырып отыратынын айтты.

photo_90295

Бұл туралы Ikerim.kz сайтында жазылды.

– Жанкүйер қыздар көп шығар мазалайтын. Оларға деген көзқарасыңыз қандай? Олар келіншегіңізді мазалайтын кездер болатын шығар, сондайда қызғанбай ма?

Жанкүйер қыздар бар ғой, шүкір. Мен оларды түсінемін. Баяғыда «Жігіттер» квартеті болып құрылған кезден бастап біздің тілегіміз – «халық біздің өзімізге емес, өнермізге ғашық болса екен» болатын. Өйткені өнер деген мәңгілік, ал адам баласы өседі, қартаяды. Біздің алғашқы арманымыз – халық таныса, білсе деген еді ғой. Сондақтан қазір «Жігіттердегі» Ердос қой» десе марқайып қаласың.

Келіншегіме де әсері болады, оның үстіне қазір әлеуметтік желі деген дамып кетті ғой, оның да кері әсері болып жатады. Бірақ, қанша дегенмен, келіншегімді сабырлылыққа шақырамын. Бір жағынан өзі де түсінеді. «Халық танымайтын болса жазбас еді ғой, мұның өзі де бір құрметтің белгісі шығар» деген сияқты жақсы жағынан түсіндіруге тырысамын. Ол кісі Алланың парыздарын орындап жүрген жан. Сондықтан болар көп нәрсеге көз жұма қарайды.

– «Мерекелерді үйде өткізбедің» деп жарыңыз ренжімей ме?

Жо-жоқ! Ол неге ренжиді?! Ер азығы мен бөрі азығы жолда деген ғой. Ризық Алладан, ал оны табатын мен болғандықтан, келіншегім еш ренжімейді. Екіншіден, келіншегім баста кімге күйеуге шығып жатқанын білді. Сондықтан ол ондай нәрсеге ешқашан ренжімейді. Басқа-басқа өнер адамы гастрольдерде жиі жүреді.

– Солай жолда жүргеннің өзінде мерекелерде сыйлығын беріп кететін шығарсыз? Романтиксіз ба?

Енді қалай айтсам болады екен?! Қатты романтикпін деп, болмаса артта қалып кеттім деп те айта алмаймын. Орта жолды ұстанып жүрген азаматпын. Енді барлық жақсылықта анамыз бен жарымызға жасауға тырысамыз ғой. Өмірлік жарың үйде бала-шағамызды қарап, тәрбиесін беріп отырғаннан кейін, әрине, жасайтын жерде жасап отырамыз. Көңіліне қарайсың. Әйтеуір бір гүл болсын сыйлауға тырысасың, әсіресе, нәзік жандылар гүлді қатты жақсы көреді ғой. Бірақ ол – онымен алдап қойдым деген сөз емес, көңіл ғой бастысы. Көбінде біз жолда жүргендіктен білінбейді, ойымыз әр нәрсеге бөлініп кетеді. Ал әйел адам үйде отырады, ол бір жағынан қиын. Мысалы, менің үш балам бар, үшеуінің тәрбиесіне көңіл бөлу үшін шыдам, сабыр керек. Сондықтан көңілін аулап, сыйлықтар жасауға тырысамын. Ол кісі «Маған мынандай сыйлық алып бер» деп айтпаған.

– Негізінде ол кісі қазір бала тәрбиесімен үйде отыр, иә? Сонда әйел адамның жұмыс істеуіне қарсысыз ба?

 Жоқ, қарсы емеспін. Бірақ ол кісінің жұмыс істейтін уақыты жоқ. Өйткені үлкен ұлымның жасы 6-да, екіншісі 2 жастан асты, ал қызыма бес ай енді болды. Сондықтан ол кісінің жұмыс істеуге мүмкіндігі де, уақыты да жоқ. Баланың өзі оған үлкен жұмыс қой. Отан деген отбасынан басталады дегендей, жанұя – кішкентай мемлекет. Сол мемлекетте жасап жатқан өзінің рөлі бар. Шынын айту керек, баланың жақсы болып өсуі, тәрбиелі, иманды, ибалы болуы анасына көбірек байланысты. Ол ақиқат нәрсе, өйткені ер адамдар үйде көп бола бермейді.


Жіберіп алмаңыз:

Асхат Тарғын мен Ринат Зайытов тойдағы төбелестері туралы шындықты айтты (видео)

Баян Есентаева құрбысы Динара Сәтжанға суретпен жауап берді (фото)

Ерке Есмахан қайда барса өзімен бірге шай көтеріп жүретінін айтты (видео)

Айдана Меденова отбасымен Вьетнам елінде саяхаттап жүр (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар