Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын мен Ринат Зайытов тойдағы төбелестері туралы шындықты айтты (видео)

Асхат Тарғын мен Ринат Зайытов өздері туралы жалған ақпарат таратқандарға жауап берді.

щдз

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын отандық сайттардың бірі Асхат Тарғын мен Ринат Зайытовтың жаға жыртысып қала жаздағаны туралы ақпарат таратқан-ды. Басылым мұны сенімді дереккөзі растағанын да жазған болатын. Алайда мырзалар бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Олар тіпті бұл сөздерінің дәлелі ретінде видео түсірген екен. “Құрметті достар, ассаламағалейкум! Екі-үш күннен бері әлеуметтік желілерде, неше түрлі сайттарда екеуімізді төбелесті, керісті, шатасты деген лақап әңгімелер таралып кетті. Оған сенбеңіздер деп айтқым келеді. Ринат екеуіміз өнерде де, өмірде де доспыз. Соны сіздерге айтқым келеді”, – дейді Асхат Тарғын.

Әріптесінің сөздерін Ринат Зайытов та қоштай түсті. “Аса қадірсіздер! Сіздер біреу туралы өтірік айтатын болсаңыздар, кішкене жарасатындай қылып айтыңыздар. Жарай ма?” – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева құрбысы Динара Сәтжанға суретпен жауап берді (фото)

Ділназ Ахмадиева сахнаға не себепті “ішкиімсіз шыққанын” түсіндірді (фото)

Ерке Есмахан қайда барса өзімен бірге шай көтеріп жүретінін айтты (видео)

Айдана Меденова отбасымен Вьетнам елінде саяхаттап жүр (фото, видео)

Талқылау