Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары Сәдуақасованың Леди Гагаға еліктеп жүргенін айтты

Мәдина Сәдуақасова араға біраз уақыт салып екі бейнебаянын қатар ұсынбақ. Кезекті бейнебаянындағы образын желі қолданушылары Леди Гагаға ұқсатып, ұсқынсыз көрінетінін айтты.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Араға біраз уақыт салып өнерге қайта оралған Мәдина Сәдуақасова іске білек сыбана кіріскен-ді. Жақын күндердің бірінде “Қайда сезім” атты әнге бейнебаян ұсынған әнші кезекті туындысының түсірілім жұмыстарын бастап кеткен. Ол осы уақытқа дейін Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында екі бейнебаянын қатар ұсынатынын айтқан болатын. “Жұлдызым” атты әнге түсіріліп жатқан бейнебаянында өзі бөгдеғаламшарлықтың рөлін сомдайды. Оның осы образын желі қолданушылары Леди Гагаға ұқсатты.

“Киіміңіз сондай қорқынышты. Леди Гагаға еліктеп жүрсіз ғой”, “Түк ұнамайды”, “Қазақстанның Леди Гагасы” “Бейнебаян да, костюм де керемет. Бар болғаны өзіңіздің талғамыңыз жоқ” десе, екіншілері әншіні қорғаштап, оған тіл тигізбеуін сұраған.

13151104_1779435478935164_533438021_n

Түсірілім жұмыстарына музыкалық каналдың продюсері әрі дубляждаушы Тимур Балымбетовтың өзі атсалысқан. Яғни бейнебаянның сюжетін ойластырып қана қоймай, өзі де туындыдан бой көрсетпек.

Әнші осы уақытқа дейін берген сұхбатында отандық клипмейкерлердің өз образын өзгерткісі келмейтінін айтып, ренжіген-ді. Бұған жолдасы да көнбеген соң, шетелдік мамандарға жүгінген екен. Алайда екінші бейнебаянын отандық клипмейкерлерге сеніп тапсырған. Сәдуақасованың айтуынша, “Жұлдызым” атты әнге түсірілген бейнебаян мамыр айының соңына дейін көрермен назарына ұсынылмақ.


Оқи отырыңыз:

Мәдина Сәдуақасованың басына бақыт құсы қонды

Мәдина Сәдуақасова табиғатына жат бейнебаян түсіріп жатыр

Мәдина Сәдуақасова: Жұбайым бұрынғы отбасым туралы айтпауымды өтінді

Мәдина Сәдуақасова шаш үлгісін өзгерткені үшін тыңдармандарының сынына қалды

 

Талқылау