Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсініксіз жағдайда жоғалған: Ақмола облысының тұрғыны екі жылға жуық уақыт баласын іздеуде

Ақмола облысы Щучье қаласының тұрғыны ұлын екі жылға жуық уақыт бойы таппай жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sinegor.kz Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жігіт 2022 жылдың көктемінде белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Наурыздың 17-нен 18-іне қараған түні Сергей Быстров жұмыстан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Үйдің подъездіне кірген, бірақ пәтерге жетпепті. Жігіт содан бері табылмаған.

Полиция мен еріктілер Сергей жоғалған күннен бастап іздеуді тоқтатқан жоқ, бірақ бәрі нәтижесіз дейді. Жігіттің анасы баласы қайтып келер деген үмітте.

Сергей Быстровты көрген немесе жігіттің қайда екенін білетіндер болса, көрсетілген нөмірге хабарласуды сұрайды: 8 705 544 12 57.

Құпиялылыққа және сыйақыға кепілдік беріледі.

Талқылау