Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түсінбей қалдым": Ақбота Сейтмағамбетованың денсаулығы сыр берді

Отандық танымал әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығының күрт нашарлап кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/akbotanurabaykyzy

Әнші осы уақытқа дейін Түркияның Стамбул қаласында демалды. Қазақстанға оралар кезде өнер иесі жағдайының нашарлап, діттеген жеріне уақытында жете алмай қалғанын айтты. 

“Денсаулығыма байланысты кешегі ұшаққа отырғызбады. Аяқ-асты денсаулығыма не болғанын түсінбей қалдым. Бірақ Алланың қалауымен жақсарып, бүгінгі рейспен ұшып келдік. Әлхамдулиллах, үйдемін”, – деп жазды Ақбота Сейтмағамбет.

Бұған дейін әнші белгісіз жігітпен той көйлегінде суретке түсіп, көпшілікті қызықтырып қойған еді. 

Айым Болатқызы
Жұма, 23 Маусым, 2023 14:58