Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Тұшпара рецепті: дәмді тұшпараны қалай дайындау керек
Stan.kz сіздерге үй жағдайында әзірленетін, дәмі тіл үйірерлік тұшпара рецептін ұсынады.
Қамырды дайындау үшін 4 стақан ұн, 100 мл сүт, 100 мл су, 1 жұмыртқа,1 шай қасық тұз керек.
Ал тұшпараның ішіндегі салманы өзіңіз тұтынатын жануар етінен жасаңыз, яғни қандай жануар етін қолданатыңызды өзіңіз білесіз.
Тұшпараны сиыр етінен жасағыңыз келсе, салма үшін 1 келі майлы сиыр еті, 3 пияз, 1-1,5 шай қасық ірілеу тұз және ұнтақталған бұрыш қажет.
Қамырдың иленуі
1. Алдымен ұнды ыдысқа төбешік етіп елеп, ортасын шұңқыр жасаңыз.
2. Жұмыртқаны жарып, оған тұз қосыңыз да жұмыртқаны шанышқымен араластырыңыз.
3. Содан кейін аз мөлшермен сүт қосылған суды құйып, қамырды илеңіз.
Есіңізде болсын, қамыр қолға жабыспайтындай айтарлықтай қатты болу керек. Бірақ ұнды көп себудің де қажеті жоқ. Сондай-ақ, тұшпараға арналған қамырды сүт қоспай дәстүрлі рецепт бойынша да дайындауға болады. Сонда дайын тұшпараның қамыры тығыз консистенциялы болып, езілмей піседі.
Ал суға сүт қосып иленген тұшпара айтарлықтай нәзік болады. Бірақ, соған қарамастан қамыр өзінің тығыздыңын жоғалпайды. Сондықтан сүт тек тұшпараның дәмін айтарлықтай жақсартады.
Қамырды шар секілді дөңгелек жасап, азық-түлік орайтын пленкаға орап, 40-60 минутқа бөлме температурасында қалдырыңыз.
1. Тұшпараға арналған жентекті дайындаңыз.
2. Етті жуып, суын сорғытып және үлкен кесек қылып тураңыз.
3. Пиязды тазалап, 2-4 бөлікке бөліңіз.
4. Ет мен пиязды ет тартқыштан өткізіңіз.
5. Жентек дайын болғанда оған тұз бен ұнтақталған бұрыш қосып, тартылған етті жақсылап араластырыңыз.
Тұшпара дәмді болсын десеңіз салмаға арналған ет майлы және пияз көп болу керек.
1. Қамырды бірнеше бөлікке бөліңіз.
2. Қамырдың бір бөлігін жұқалап жайыңыз. Қажеттілікке қарай, қамырға ұн себіп жайсаңыз болады.
3. Жайылған қамырды шеңбер етіп кесу үшін жұқа стақан немесе басқа да ыңғайлы ойықты пайдаланыңыз. Содан кейін кесілген қамырларды жинап, келесі қамырды дәл сол тәртіппен жайып, дайындаңыз.
4. Қамырдың ортасына шамамен бір шай қасық жентек салмасын салыңыз.
5. Салма қамырдың дәл ортасында тұру үшін нанның жиегін біріктіріп, қысыңыз.
6. Жарты ай пішінді болған тұшпараның екі жағын біріктіріп, өзіне тән пішінде жасаңыз.
7. Тұшпара дайындамасын тұшпаралар бір-біріне жабыспайтын етіп тақтайға жинаңыз.
Пісірілуі
1. Кәстрөлге су құйып, оған тұз бен лавр жапырағын және бұрыш қосып қайнатыңыз.
2. Қайнаған суға тұшпараны салып, олар бір-біріне және кәстрөлдің түсіне жабысып кетпес үшін жақсылап қасықпен араластырыңыз.
3. Тұшпараны бір қайнатып алыңыз. Және тұшпаралар судың бетіне шыққаннан кейін шамамен 7-10 минут дайын болғанға дейін пісіріңіз.
4. Тұшпара піскенде оны кепсермен сүзіп алып, ыдысқа салып, бетіне сары майды бірнеше кішкене бөлікке бөліп қойыңыз.
Тауық жентегінен (фарш) жасалған тұшпара
Қамыр илеу үшін 500 гр ұн, 1 жұмыртқа, 1 стақан сүт, 1 шай қасық тұз керек.Қамыр илеу үшін 500 гр ұн, 1 жұмыртқа, 1 стақан сүт, 1 шай қасық тұз керек.
Салма дайындау үшін 10 гр тұз, 400 гр тауықтың жон еті, 150 гр пияз, 2 гр ұнтақталған қара бұрыш қажет.
Дайындау әдісі
1. Тұшпараның қамырын дайындаңыз. Ол үшін шұңқыр ыдысқа ұн елеп, оған тұз бен жұмыртқа және сүт қосыңыз. Содан кейін қамырды қолмен жақсылап қысып, илеңіз де тұшпара салмасы дайын болғанша тындырып қойыңыз.
2. Салманы үйде талтылған жентектен де, дүкеннен сатып алынған жектектен де жасауға болады. Бірақ, үйде жасалған жентек әлдеқайда дәмдірек. Себебі, майлы емес тауық еті мен пияз қосылған тұшпара нәзік, әрі шырынды болады. Жентек дайындау үшін тауық етін кесектерге бөліп, ет тартқыштан өткізіңіз.
3. Пиязды ет тартқыштан өткізудің қажеті жоқ, себебі пияздың шырыны ағып кетеді. Сондықтан оны ұсақтап, қолмен тураңыз.
4. Ет тартыштан өткізілген тауық етіне туралған пиязды қосып, тұздап бұрыш себіңіз де, жақсылап араластырыңыз.
5. Қамырды оқтаумен жайып, стақанмен басып шығыңыз.
6. Қамырдан жасалған шеңбердің ортасына шамамен бір шай қасық тауық женсегін салып, тұшпара түйіңіз.
7. Түйілген тұшпараларды ұн себілген тақтайға жинаңыз. Егер көп мөлшерде жасасаңыз тұшпара тізілген тақтайды мұздатқышқа қойып, оларды қатырыңыз. Содан кейін мұздатылған тұшпаларады пакетке салып, мұздатқышта сақтаңыз.
8. Жаңа түйілген немесе мұздатылған тұшпараны тұз қосылып қайнатылған суға салып, шамамен 7 минут пісіріңіз. Піскен тұшпаралар судың бетіне қалқып шығуы керек.
9. Тауық еті қосылған тұшпараны қалауыңызға қарай тұздық, қаймақ, көкөніс қосып жесеңіз болады.
Табада қуырылып әзіргенген тұшпара
1. Барлық қажетті өнімдерді дайындап алыңыз. Тұшпараны мұздатқыштан шығарып, жібітіп алу керек. Оны тек күнбағыс майына ғана емес, сонымен қатар зәйтүн майын да қосып қуыруға болады.
2. Тамаға өсімдің майын құйып, орташа температурада жақсылап қыздырыңыз. Мұздатылған тұшпараларды бір қабатқа тізіп, қуырыңыз. Тұшпараны тіпті, өсімдік майы мен сары май қоспасына да қуыруға болады.
3. Тұшпаралардың бір жағы қызарғанда, басқа жағын аударып, пісіру керек. Піткен тұшпараларды шанышқымен немесе кепсермен алған ыңғайлы.
4. Қызған майға суды қауіпсіз қосу үшін табаны оттан алыңыз. Содан кейін дәміне қарай қара бұрыш пен тұз салыңыз. Сондай-ақ, тұшпараға лавр жапырағы мен күнзе дәнін де қосуға болады.
5. Тұшпара қуырылған табаға жылы су құйып, табаны отқа қойып, қайнатыңыз. Барлық қосылған сұйықтық еру үшін шамамен 5-7 минут пісіру қажет.
6. Қуырып пісірілген тұшпараны дастарханға ыстық күйінде де қоюға болады. Оларды қаймақпен, үгітілген сарымсақ қосып жеуге болады. Сонда хош иісті және сәл ащы тұздық шығады.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
