Тұрмыста таршылық көрген шымкенттік ару бүйрегін сатпақ
21 жастағы Шымкент қаласының тумасы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының төмендігіне байланысты бүйрегін сатпақ. Алайда бүйрегін сату үшін ата-анасының рұқсат қағазы керек екен. Ата-анасының мұнда йға келіспейтінін білген бойжеткен оларды тұрмыстың таршылығынан қалай құтқарарын білмей жүр.
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Мен де өзімді іштей жеп жүрген мәселе жайында айтқым келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының тұрғынымын. Жасым 21-де. Қазіргі уақытта үй-күйсіз тентіреп жүрген жайымыз бар. Әкем белгілі бір саланың маманы емес. Сол себепті ауыр қара жұмыстар істеп жүр. Анам да денсаулығына байланысты жұмыссыз жүр. Екі ағам мен өзімнен кейін екі бауырым бар. 30 жастағы ағам күзетші, құрылысшы болып қана жұмыс істейді.
Үйдің жағдайын жасағысы келіп өзіне де көңіл бөлмейді. Екінші ағам үйленген. Ол тек өзін ойлайды. Біздің үйсіз қалуымызға сол кінәлі. “Оңай ақша” деген ойын ойнап, үйді қарызға тігіп, үйсіз қалдық. Қазір ол бізден бөлек тұрады. Анығын айтсақ, жеңгемнің бір бөлмелі үйінде тұрып жатыр. Ал қалғаанымыз ауылдық жерде пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Оның 5-10 мыңын біз, қалғанын ағам төлейді. Үлкен ағамның басында несиесі бар. Өзім дипломды енді алдым. Медициналық колледж бітіргенмін. Мамандыққа сай келмесе де, ақшасы жақсы жұмыс қарастырып жүрмін.
Қосымша өзімнен кейінгі бауырыммен бірге тойханаларда даяшы болып жұмыс істеймін. Ал бауырларымның біреуі 11-сыныпты тәмамдады, екіншісі әлі оқып жатыр. Шынымды айтсам, ата-анамды ойлап, қатты күйзелісте жүрмін. Үйдің жайы не болмақ?! Бірде ойыма бүйрек сату келген. Жарнама берген едім, алушылар хабарласты. Бірақ, ата-ананың рұқсаты керек екен. Ал әке-шешем оған өлсе де келіспейді. Не істесем болады? Қай жерден кімге барып көмек сұрасам болады? Ұзақ болса кешірім сұраймын. Ішімде айтылмаған қаншама сөзім қалды…” -дейді бойжеткен.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Сегіз жыл бұрын француз отбасы асырап алған қазақ қызы отанына келді (фото, видео)
Қазақстан мектептеріндегі сабақтар 40 минуттан оқытылатын болды
Бас прокурор Абу-Даби Плазадағы төбелеске қатысты: екі қылмыстық іс қозғалды
Торғайлық кәсіпкер ауылда тапшы мамандықтарды оқытатын колледж ашып берді