Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Торғайлық кәсіпкер ауылда тапшы мамандықтарды оқытатын колледж ашып берді

Торғайда заманға сай кәсіптік-техникалық колледж ашылады. Кәсіпкер Жанайым Спабекова «Туған жер» бағдарламасы аясында жерлестеріне осындай сый жасады. Қазіргі таңда оқу мекемесінің құжаттары әзірленіп жатыр.

85855555

Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.

Торғайда колледж ашылатынын естіген Қайрат Райысов қатты қуанды. Өйткені мал бағып, егін егетін оның шаруашылығынд жұмыс күші тапшы. Себебі шалғайдағы Жангелдин ауданында мамандар даярланбайды. Ал қалада оқығандардың қайтып оралуы қиын.

“Қазіргі таңда механизатор, жүргізуші, дәнекерлеуші деген мамандықтар керек. Тіпті жоқ деп айтуға болады Торғайда колледж ашылса, содан шыққан түлектер болса, жұмыс табылады”, – деді шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Райысов.

Жангелдиндік шаруалардың тілегі орындалар күн де алыс емес. Торғайдан түлеп ұшқан кәсіпкер Жанайым Спабекова туған жерінен колледж ашуға шешім қабылдады. 60 млн теңге бағыттап, Торғайдағы бос тұрған ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Колледж ашылғанда, онда өңірге қажет мамандар даярланады.

“Техникалық мамандықтар, атап айтсақ, аспазшы, дәнекерлеуші, электрик, сондай-сондай техникалық мамандықтар. Бұл жерде агроном, ветеринар т.б мамандықтар болады”, – деді Ж.Спабекованың інісі Төлеген Нұриденұлы.

Жангелдин ауданы бойынша жылына жүзге тарта адам мемлекеттік бағдарламамен кәсіптік курстардан өтеді. Облыс орталығынан алты жүз шақырым алыс жатқан өңір үшін қатынастың өзі қиындық тудыратын. Енді жоспарды жергілікті жерде игеруге мүмкін ашылмақ.

“Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін арналған бағдарламаға ғой, бізде оқыту жоспары көбейіп отырады. Соған байланысты өте қажет осы колледж, сонымен қатар ҰБТ-дан өтпеген, өте алмай қалған, 11 сынып бітірген балалар осы колледжден білім алып, өздерінің білімін шыңдар еді”, – дейді Жангелдин аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Талғат Әміров.

Қазіргі таңда оқу мекемесінің ғимараты дайын. Мамандар құрамы да толық, енді құжаттары әзірленіп жатыр. Сертификат алысымен оқу басталады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Қазақ күйлерін домбырада еркін ойнаған жапон жігіті тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Тәңірберген Бердоңғаров Әбу Даби Плазадағы үнділер тұратын жатақхананы көрсетті (видео)

Қарағанды облысында үйден қашып кеткен ғашықтар табылды

Ақтауда кішкентай қызды педофилден құтқарып қалған балаға велосипед тарту етілді

Талқылау