Ақтауда кішкентай қызды педофилден құтқарып қалған балаға велосипед тарту етілді

Жексенбі, 3 Қыркүйек , 2017 9:32

Ақтауда кішкентай қызды педофилдің құрығынан аман алып қалған 11 жастағы Ақжол Сансызбай мектеп ұжымы алдында салтанатты түрде марапатталды.

9889

Бұл туралы Tumba.kz хабарлайды.

№22 мектепте болған салтанатты шара кезінде Ақжолға велосипед тарту етілді. Жергілікті полиция қызметі баланың ерлігіне осындай сый жасауды жөн көріпті.

Еске салсақ, Ақжол 27 тамыз күні кішкентай қызды зорламақ болған педофилдің ізінен түсіп, қыз баланы құтқарып қала алған. Баланың ерлігінің арқасында полицейлер күдіктіні бірден ұстай алды.

“Біздің қаламызда осындай баланың болғаны қандай керемет. Велосипед жәй ғана сыйлық емес, оған салауатты өмір салтын да сыйлайды деп ойлаймыз”, – дейді жергілікті полиция қызметінің өкілі Эльвира Қасанова.

Салтанатты шараға мектеп директоры, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Олар Ақжолды құттықтап, оның ісі өзгелер үшін үлгі болатынын айтты.

29 тамыз күні Ақжолды Маңғыстау облыстық ІІД шақырып, оған салтанатты түрде мақтау қағазы мен ноутбук сыйлаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында мүгедектер 147 мың теңгеден заңсыз салық төлеп келген

Иманғали Тасмағамбетовтің қызы өз қаражатына Алматыда мектеп ашты

Биылғы 1, 2, 5, 7-сыныптар білім берудің жаңа жүйесі бойынша оқиды

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар