Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәңірберген Бердоңғаров Әбу Даби Плазадағы үнділер тұратын жатақхананы көрсетті (видео)

Бұрынғы депутат, қазіргі қоғам белсендісі Тәңірберген Бердоңғаров “Әбу Даби Плаза” құрылыс кешеніндегі шетелдік жұмысшылар тұратын жатақхананы көрсетті.

8585

Бейнежазбаны Бердоңғаров өзінің Youtube-каналында және Фейсбук парақшасында жария еткен. Оның айтуынша, аумақты әлі де болса полиция бақылауда ұстап, күзетуде.

“Бүгін таңертең қақтығыстың беті қайтып, түйін тарқады. Мұндай келіспеушіліктердің азайғаны, болмағаны жақсы. Әрине, бұл жерде сұрақ өз аумақтарында тәртіп орната алмаған құрылыс иелеріне бағытталуы тиіс”, – дейді автор.

Еске салсақ, 2 қыркүйек күні кешкілік оқиға қазақ және үндістандық жұмысшылардың арасында өрбіп, соңы дау мен төбелеске ұласқан. Жаппай қақтығысқа 30 адам қатысқан деп айтылуда. Кейінірек полиция 8 азаматқа қатысты іс қозғалып, әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында мүгедектер 147 мың теңгеден заңсыз салық төлеп келген

Иманғали Тасмағамбетовтің қызы өз қаражатына Алматыда мектеп ашты

Биылғы 1, 2, 5, 7-сыныптар білім берудің жаңа жүйесі бойынша оқиды

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты

Талқылау