Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ күйлерін домбырада еркін ойнаған жапон жігіті тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Стамбул қаласында қазақ күйлерін домбырада еркін ойнаған жапон жігіті тыңдармандарын сүйсінтті.

5e6eb9e44b500436272b3d3797bf32a5-3

Туристер көп шоғырланатын жерде қара домбырада күмбірлетіп күй төккен жапон баласын ақтөбеліктер видеоға түсіріп алып, Aktobenews.kz редакциясына жолдады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Оның жапон екенін білгенде аузымызды ашып қалдық. Кез келген күйдің атын айтсақ, ол емін-еркін ойнап әкете береді. Есімін сұрадық, алайда жапонша болғандықтан есімізге сақтай алмадық», — дейді Түркияда жүрген ақтөбеліктер.

Жапон баласы түрік тілінде сөйлей алмайды екен, қазақша да түсінбейді. Алайда, домбыра аспабына ерекше ғашық болғанын ұғындырған.


Тағы да оқыңыз:

Аю адамдардың қарсылығына қарамай жас жігітті талап жеді (видео)

Полицей әйелді бір ұрып қолындағы баласымен бірге сұлатып түсірді (видео)

Талқылау