Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түрмеде қатты арықтап кеттік": Нигериялық азаматтар Қазақстан полициясынан 50 мың доллар дауламақ

Нигерияның екі азаматы Қарағанды полициясын сотқа беруді жоспарлап отыр. Олар ұрлық жасағаны үшін сотты болып, соңғы екі жылда түрмеде жазасын өтеген екен. Ал 19 қарашада аппеляциялық сот оларды ақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Нигерия азаматтарының сөзінше, олар түрмеде жазасын өтеген екі жыл ішінде қатты арықтап, түрлі дертке шалдыққан. 

«Біз сіздердің елдеріңіздің тілін, жүйесін білмейміз. Түрмеде өткен әр күнімді өмір бойы ұмытпаймын. Біз ештеңе түсіндіре алмадық. Бізді ешкім түсінбеді. Полициядағылар да, соттағылар да», - дейді Клемент Ебоде.

Сонымен қатар ол өзінің және тағы бір нигериялық азаматтың жүрегі мен жүйке жүйесіне қатысты қиындықтар пайда болғанын айтты. 

«Әйтеуір, қорғаушымен жолымыз болды. Алайда басымыздан өткен жайттар үшін, тергеуді жүргізген полицейлерден 50 доллар өндіріп беруді талап етеміз», - дейді Нигерия азаматы. 

Нигериялықтардың сөзінше, олар Қазақстанға Түркия азаматымен бірге өз кәсібін бастау үшін келген. Алайда серіктестері кәсіпті бастамай жатып оларды 30 мың доллар жымқырды деп айыптаған. Нәтижесінде нигериялықтар 5 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Алайда аппелциялық сот алқасы тергеуден кемшіліктерді тапты. 

Хабарланғандай, қылмыстық істе тек жәбірленушінің сөзі негізге алынған. Сонымен қатар күдіктілердің жауабын Google арқылы аударылған. 

Істі қайта қарау кезінде тілді жақсы білетін адам шақырылды. Нәтижесінде нигериялықтар кінәсіздігін дәлелдей алды. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады

Көлік 16 метрге дейін сүйреді: Мүгедек болып қалған әйел кінәлі жүргізушінің тайраңдап жүргенін айтты

Ер адам ақшаны еміңізге берейін деп көлікті тұрақтан шығартып, кейін ғайып болған

АҚШ-тағы сұлулық байқауында жеңген ару: Қазақтың "ұят болады" деген сөзі дамуыма кедергі келтірді

Ақерке Ысқақ бала күнінен шетелде тұруды армандағанын айтады

"Төбеме жай түскендей болды": Димаш бақилық болған тыңдарманының жақындарына көңіл айтты

Әнші Лейсан есімді арудың арманын орындаған еді

ҰҚҚ "Олимп" арқылы онлайн бәс тігу тоқтатылатынын хабарлады

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Тараздағы оқушы қыздың зорлануы: Облыс әкімі оқиғаға байланысты жауапкершілікті сезінетіндігі жайлы жауап берді

Бұған қоса ол аймақтағы дәретханалардың құрылысы жайлы айтты

11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған соң мектеп директоры мен білім бөлімінің басшысы жұмыстарынан кетті

Бұл мектепте көктемде осыған ұқсас жағдай орын алған

Алматы облысында қалтасына бір миллион теңге басқан шенді ұсталды

Оның қалтасынан бес, он және жиырма мыңдық қағаз ақшалар табылған

Риддер қаласы суға кете жаздады

Жергілікті ірі су құбырында жарылыс болған

Ақмола облысында төрт баланың анасын бірнеше тонна бидай мен бетон тақта басып мерт қылды

Оқыс оқиға наубайханада орын алған
Çàãðóçêà...