Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түрме вице-министрдің көзімен": Эльмира Суханбердиева кітап жазғанын айтты

Заңсыз кәсіпкерлікке қатысып, лауазымды қызметін теріс пайдаланды деп айыпталып, уақытша ұстау изоляторында қамауда болған бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева кітап жазғанын айтты.

«Түрме вице-министрдің көзімен»: Эльмира Суханбердиева кітап жазғанын айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

«Кітап жаздым. Таяуда «Түрме вице-министрдің көзімен» деген кітабым шығады. Бұл менің әйелдер түрмесі туралы алғашқы кітабым. Бұл өзім ғана туралы автобиография болмайды. Кітап жазуды аяқтап қалдым. Әбеди түзетулер ғана қалды. Ресейлік және шетелдік БАҚ адвокатпен байланысқа шығуда. Ал менімен кітапты жариялағысы келетін қазақстандық басылымдар байланысуда», - дейді Суханбердиева. 

Сонымен қатар Суханбердиева қамауда болған кезінде балаларын қатты сағынғанын айтты. 

Сондай-ақ, бұрынғы вице-министр алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісіп, жұмыссыз қалмайтынын айтты.

«Кәсіпкерлік, оқытушылық қызметтер бар. Екіншіден, Жоғарғы сот бар. Соған жүгінемін. Сот шешіміне қатысты шағым түсіруге ниеттімін», - дейді ол. 

Айта кетсек, бүгін Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп танып, 2 500 АЕК (6 млн 312 мың 500 теңге) көлемінде айыппұл жазасын тағайындады. Сонымен қатар шенеунік мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 

Талқылау