Түркияның Қара теңіз аймағындағы су тасқыны салдарынан 44 адам қаза тапты
Түркияның Қара теңіз аймағындағы су тасқыны мен селден зардап шеккендердің саны 44 адамға жетті. Бұл туралы сенбіде Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Хабарламаға сәйкес, солтүстіктегі Кастамону провинциясында 36 адам, Синопта 7 адам, Бартинде бір жергілікті тұрғын қаза тапты. AFAD барлық тиісті қызметтердің қызметкерлері жергілікті жерде екенін және адамдарды эвакуациялауды, іздестіруді және құтқаруды жалғастырып жатқанын айтты.
Түркияның солтүстігінде су тасқынынан 17 адам қаза тапты
Президент Режеп Тайып Ердоған кеше елдің солтүстігіндегі табиғи апат аймағына барды. Мемлекет басшысы елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі табиғи апаттардың салдарын жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сендірді.
Түркияның солтүстігінде 11 тамызда толассыз жауған жаңбыр сел, көшкін және су тасқынына себеп болды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн