Түркияның Хатай қаласында тағы жер сілкінді
Түркияның Хатай қаласында 5,0 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

"Табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі басқарма (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі Хатай қаласының Дефна ауданында болды. Жерасты дүмпуінің тереңдігі – 9,76 км", - делінген Анадолы мәліметінде.
Еске салайық, 20 ақпан күні Дефне ауданында болған 6,4 балдық жер сілкінісінен 6 адам қаза тауып, 562 тұрғын зардап шеккен болатын.
6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш аймағында болған жойқын зілзаладан мерт болғандар саны соңғы мәлімет бойынша 42 310 адамға жетті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген