Түркияда жұмыс істеп жүрген қазақстандық құтқарушының қызы дүниеге келді
Түркияда жұмыс істеп жүрген астаналық құтқарушы Олжас Рахметовтің қызы дүниеге келді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олжас Рахметов
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше құтқарушының қызын Адель деп атаған.
"Бүгін Түркияда жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысып жатқан елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Рахметов Олжастың төртінші баласы дүниеге келді. Сәбиге Аделя деген әдемі ат қойды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Бұл құтқарушының отбасындағы төртінші бала екен. Ал Олжас Рахметовтің өзі 1994 жылы Астанада дүниеге келген. Төтенше жағдайлар департаментінде 2022 жылдан бері қызмет етіп келеді.
"Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері мен үлгілі қызметі үшін бірнеше ведомстволық марапатқа ие болған. Біздің құтқарушымызды сәбиінің өмірге келуімен шын жүректен құттықтай отырып, анасы мен қызына зор денсаулық, ал Олжасқа елімізге, отбасына аман есен оралуын тілейміз!" – деп қосты ТЖД өкілдері.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік