Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 16 мыңнан асты
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 16 170-ке жетті, зардап шеккендер саны 64 194-ке жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған табиғи апат аймағына барған сапарында мәлімдеді.
"Бүгінгі таңда қаза тапқандар саны 16 170, жарақат алғандар 64 194-ға жетті", - деді мемлекет басшысы бейсенбі күні Османие провинциясында сөйлеген сөзінде.
Сәрсенбі күні Ердоған Хатай провинциясында барып, зардап шеккендермен кездесті.
Түркия басшысы биліктің біраз қиындықтарға тап болғанын мойындады, бірақ қазір жағдай бақылауда екенін айтты.
"Әрине, мұндай жағдайда кейбір қателіктер жіберілді. Мұндай апатқа дайын болу мүмкін емес", – деді ол.
Түркия билігі табиғи апаттан зардап шеккендер саны артуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Құтқару жұмыстарына күннің суық болуы мен қайталанып жатқан жер асты дүмпулері кедергі келтіруде.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген